Азиада чемпионы атанған Баходир Жалолов: Өзбектер мен қазақтар – бауырлас халық

Баходир Жалолов Азия ойындарында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевпен өткен финалдық жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Азиада чемпионы атанған Баходир Жалолов: Өзбектер мен қазақтар – бауырлас халық
Фото: sportuz.net

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Азия ойындарында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевпен өткен финалдық жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Біріншіден, баршаңызға қолдауларыңыз үшін көп рақмет! Қамшыбек екеуміз рингте ғана қарсыласпыз. Бұл жай ғана спорт. Кәсіпқойлар арасында жекпе-жекке шыққанда, Қазақстаннан келгендердің көбі маған қолдау білдіргенін байқадым. Өзбек-Қазақ  – бауырлас халық», — деп жазды Жалолов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Азия ойындарының финалында өзбек боксшысы Қоңкабаевтан 4:0 есебімен басым түсті.