Азия ойындарында каратэші Қайсар Алпысбай алтын медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.