Әйелін 18 рет пышақтаған ер адамға қатысты сот үкімі өзгерді
Алқабилер соты алматылық адвокат Айман Асанованы қасақана өлтірген ер адамды кінәлі деп тапты.
Алматы соты атышулы іс бойынша сот отырысының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қылмыстық қудалау органы Н.-ны қасақана кісі өлтірді (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) айыптады. Н. әйелімен үш жыл некеде болған. Некелері бұзылған соң, олардың арасында мүлікті бөлу туралы мәселе шешілмей қалған. Бұл көптеген жанжалдарға және ер адамның әйеліне деген өшпенділігіне себеп болған. 2022 жылдың қазан айының 8-інен 9-ына қараған түні Н.-ның бұрынғы әйелін үйінің қасында күтіп тұрған. Әйел бұл мәселені талқылаудан бас тартты. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар тағы да жанжалдасып, жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», – делінген хабарламада.
Ресми деректерге сәйкес, сотталушы әйелін қатты эмоционалды толқу жағдайында өлтіргенін айтып, кінәсін мойындамаған. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған қатаң жаза қолдануды сұрады.
«Сотталушыға қатысты жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады, жас балалардың болуы және кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін факторлар деп танылды. Сот сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген Алматы сотының хабарламасында.
Еске салайық, ағымдағы жылдың жазында апелляциялық сот Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы үкімін бұзды, оған сәйкес Айман Асанованың бұрынғы күйеуі 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Содан кейін Айман Асанованың бұрынғы күйеуіне қатысты іс жаңа сотқа жіберілді.