1233
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауады
Синоптиктер жұма, 6 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Метеорологтардың мәліметінше, фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің қалған аймағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ бүгін республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.
Түнде Ақмола облысының орталығында, шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Бұдан бөлек, бүгін де Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.