Азиада-2023: Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған Хасанбой Дусматов чемпион атанды

Хасанбой Азиаданың 1/8 финалында Сәкен Бибосыновты жеңген еді.

Азиада-2023: Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған Хасанбой Дусматов чемпион атанды
ашық дереккөз

 Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан ол ақтық сында Таиланд өкілі Тхитисан Панмодті төрешілер шешімі бойынша жеңіп, алтын жүлде иеленді.

Олимпиада және әлем чемпионы саналатын Хасанбой Азиаданың 1/8 финалында Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған болатын.