Екібастұзда екі ер адам ыстан уланып, қаза тапты

64 және 37 жастағы ер адамның денелері табылды.

Екібастұзда екі ер адам ыстан уланып, қаза тапты
inform.kz

3 қазан күні Екібастұзда екі ер адам ыстан уланып, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 3 қазан күні сағат 11:30-да Төртүй ауылындағы жекеменшік үйде 64 және 37 жастағы ер адамның денелері табылды. 

Өлімнің алдын-ала себебі – көміртегі тотығымен улану.