Тағы бір қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардан қаражатын жинап,  20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекетке барған.

Тағы бір қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
ашық дереккөз

Қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚМА Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардан қаражатын жинап,  20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекетке барған.

Сонымен қатар, «MegaSnabGroup.KZ» және «Азия Сталь Казахстан» ЖШС еншілес кәсіпорындары да осындай схемамен жұмыс істегені анықталған. Сонымен қатар, компаниялар әрбір тартылған инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде берген. Қазір 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылды. Оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілгені белгілі болды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді, – дейді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.