Азиада-2023: өткен жарыс күнінің нәтижесі қандай?
Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері жарияланды.
Атап айтқанда:
Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл - Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-медалі.
Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:
- Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
- Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру;
- Каролин Чепкоеч Кипкируи - 5000 м жүгіру;
- Мария Бровкова - байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
- Асланбек Шымбергенов - бокс (71 кг).
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.
10-жарыс күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.