Азиада-2023: ел қоржынына ескек есуден тағы бір жүлде түсті

Қазақстандықтар Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Азиада-2023: ел қоржынына ескек есуден тағы бір жүлде түсті
Туризм және спорт министрлігі
758

Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 метр қашықтықта каноэдан жұптасып өнер көрсетуде тек қытайлықтарды ғана алға жіберді.

Өзбекстандық дуэт қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, бүгін қазақстандық ескекшілер Азиадада қос күміс, бір қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Серіктес жаңалықтары