Елена Рыбакина Азия ойындарының чемпионын жеңді

Елена Рыбакина турнирдің келесі айналымында Германия спортшысы, әлемнің 53-ракеткасы Татьяна Мариямен кездеседі.

Елена Рыбакина Азия ойындарының чемпионын жеңді
Фото: ашық дереккөз

Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Азия ойындарының чемпионы Чжэн Циньвэньді жеңді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші WTA 1000 санатындағы турнирдің бірінші айналымында қытайлық спортшы, әлемнің 23-ракеткасы Чжэн Циньвэньмен ойнады. Елена Рыбакина теннисші қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина турнирдің келесі айналымында Германия спортшысы, әлемнің 53-ракеткасы Татьяна Мариямен кездеседі.