Димаштың швециялық жанкүйерлері қазақ әдеби кешіне қатысты
Қазақ әдеби кеші Швецияның Стокгольм қаласында өтті.
Димаштың жанкүйері Петра Йохфур швед тіліне аударылған қазақ классиктерінің шығармаларын оқып, барлығын таң қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қыркүйек айында Швецияның Стокгольм қаласында қазақтың ұлы жазушыларының шығармашылығына арналған әдеби поэтикалық кеш өтті.
Швециялық Dears жанкүйерлері Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов және Жұбан Молдағалиев шығармаларымен үлкен қуанышпен танысты.
Dimashnews.com сайтының мәліметінше, кешті «Швециядағы Қазақ жастары» қауымдастығы ұйымдастырып, оқу жылының басына орайластырды. Іс-шараның барлық қонақтары қазақ әдебиеті мен поэзиясының негізін қалаушылармен танысты. Ал Димаштың жанкүйері Петра Йохфур швед тіліне аударылған қазақ классиктерінің шығармаларын оқып, қатысқандардың барлығын таң қалдырды.
«Швед жанкүйерлері әрдайым Қазақстанның әдебиетімен, дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға қуанышты. Сондай-ақ «Швециядағы Қазақ жастарына» тамаша және керемет іс-шара үшін үлкен алғыс білдіреді», – деп бөлісті Димаштың Швед фан-клубының жанкүйерлері.