1291
Алматыда 6 жастағы бала үйдің шатырынан құлап, қаза тапты
Алматы полициясы оқиға 30 қыркүйекте болғанын хабарлады.
Алматы қаласында бала тұрғын үйдің шатырынан құлап қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бостандық ауданының полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында
Оқиғаның анық-қанығы қарастырылып жатыр.