Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс жүлде түсті

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Ханчжоудағы Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды.

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс жүлде түсті
Туризм және спорт министрлігі
1022

500 метр қашықтыққа каноэде жұптық есуден командалық сайыста Руфина Искакова мен Мария Бровковая қазақстандық дуэті қытайлықтардан ғана ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Тайланд елінің есушілері «қола» жүлде алды.

Дәл осындай қашықтықтағы қос байдарка жарысында Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова да Қытайдан кейін екінші орын алса, Өзбекстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Осылайша, қазір Қазақстанның қоржынында Азия ойындарының 35 медалі бар: үш алтын, жеті күміс және 25 қола. Қазақстан 2023 жылғы Азия ойындарында 33-медаль жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары