Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші – 1:49.01.
Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.
Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.
Азиада-2023: Қазақстан тағы да алтын жүлде ұтты

Қазақстанның ерлер командасы байдарка мен каноэде есуден алтын алды.