Азиада-2023: семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлде ұтты

Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан озық шықты. Қорытынды есеп – 36:35

Азиада-2023: семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлде ұтты
Туризм және спорт министрлігі

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды.

Бұл - Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше еліміздің спортшылары командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын семсерлесуші Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.