Азиада-2023: семсерлесуден ерлер құрамасы финалға шықты

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында командалық жарыста жартылай финалда өнер көрсетті

Азиада-2023: семсерлесуден ерлер құрамасы финалға шықты
Туризм және спорт министрлігі

Құрамында Эльмира Әлімжанова, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай (запастағы ойыншы) бар семсерлесушілер финал жолдамасын иелену үшін Гонконг командасымен күш сынасты.

Барлық жекпе-жек қорытындысы бойынша 45:30 есебімен Қазақстан өкілдері жеңіске жетті. Енді олар финалда «алтынға» таласады. Ал Гонконг командасы қола жүлдені қанағат тұтты. Шешуші ойын Астана уақытымен 16:35-те өтеді деп жоспарланған.