Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді.
«Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25», - делінген хабарламада.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер 1:50:54, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға бұйырды.