Сәкен Бибосынов Азия ойындарында Өзбекстан боксшысынан жеңілді

Хасанбой Думатов Азия ойындарының ширек финалына шықса, Сәкен Бибосынов турнирді жүлдесіз аяқтады.

Сәкен Бибосынов Азия ойындарында Өзбекстан боксшысынан жеңілді
Фото: olympic.kz
1498

Ханчжоудағы (Қытай) 2023 жылғы Азия ойындарының бокс турнирінде Сәкен Бибосынов Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz

51 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдық жекпе-жекте Дусматов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Хасанбой Дусматов Азия ойындарының ширек финалына шықса, Сәкен Бибосынов турнирді жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Бибосынов – 2019 жылғы әлем чемпионы, сонымен қатар 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Дусматовқа келетін болсақ, ол 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және қазіргі әлем чемпионы.

Серіктес жаңалықтары