1198
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола жүлде ұтты
Спортшыларымыз әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір қола жүлде иегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, спортшыларымызға семсерлесуден қола жүлде бұйырды.
«Семсерлесуден ерлер құрамасы (Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев) командалық бәсекеде өнер көрсетіп, қола жүлде иегері атанды», - делінген хабарламада.
Қазақстандық жартылай финалда әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореяға 41:45 есебімен жол берді. Әзірге Қазақстан құрамасы семсерлесуден 2 қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, ел қоржынында қазіргі сәтте барлығы 14 жүлде: 1 алтын, 2 күміс және 11 қола медаль бар.