Қазақ боксшы Азия ойындарында сенсация жасады (ВИДЕО)

Жекпе-жек басталысымен екеуінің де қабағы жарылып, дәрігерлер екі спортшыға да бірнеше рет көмек көрсетті.

Қазақ боксшы Азия ойындарында сенсация жасады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
4155

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Қытайдағы Азия ойындарында екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, сенсация жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

63.5 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері, тәжікстандық Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.

Сөйтіп, Азия ойындарының ширек финалына шықты. Екі боксшы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жекпе-жек басталысымен екеуінің де қабағы жарылып, дәрігерлер екі спортшыға да бірнеше рет көмек көрсетті. Кездесу барысында екі боксшы да нокдаун алды.

 

Серіктес жаңалықтары