Азиада-2023: Ел қоржынына тағы екі жүлде түсті

Аян Тұрсын мен Әділбек Мусин - Азия ойындарында қола жүлделерді еншіледі

Азиада-2023: Ел қоржынына тағы екі жүлде түсті
Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі мәлімдеді.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Ушу-саньда сайысы бойынша Ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын қола жүлдегер атанды. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді. 

Айта кетейік, қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.

Сонымен қатар жүзуден 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында отандасымыз Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды. 

Кацухиро Мацумото — 51.13 сек.

Чангхао Ванг — 51.24 сек.

Әділбек Мусин — 51.86 сек.

Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.