1030
Қазақстан мен Қытай шекарасы 4 күнге жабылады
Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескерте отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керектігін ескертеді.
29 қыркүйек, 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады" делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керектігін ескертеді.