Әлеуметтік желідегі жазба үшін: Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО тұрғынын ұстады

"Тергеу кезінде оның тұратын жерінен діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлел тәркіленді. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деп түсіндірді ҰҚК.

Әлеуметтік желідегі жазба үшін: Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО тұрғынын ұстады
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының тұрғынын терроризмді насихаттады деген күдікпен ұстады, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"27 қыркүйекте комитет Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдарды насихаттайтын материалдарды таратты деген күдікке ілінді", – деп жазылған хабарламада.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған екен.

"Тергеу кезінде оның тұратын жерінен діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлел тәркіленді. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деп түсіндірді ҰҚК.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.