Ақтөбеде шекарадан өтпек болған жеті Үндістан азаматы ұсталды

Шетелдіктер  Алматы қаласына жөнелтілді, одан ары қарай еліне жіберілетін болады.

Ақтөбеде шекарадан өтпек болған жеті Үндістан азаматы ұсталды
ашық дереккөз
932

Ақтөбеде шекараны кесіп өтпек болған 7 Үндістан азаматы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы ҰҚК шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шара кезінде мемлекеттік шекараны транзитпен заңсыз кесіп өтпек болған 7 Үндістан азаматын анықтаған.

Тексеру кезінде Үндістан азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы факті бойынша Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды. Шетелдіктер  Алматы қаласына жөнелтілді, одан ары қарай еліне жіберілетін болады.

 

Серіктес жаңалықтары