940
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар қымбаттады. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр.
Қор нарығында 26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,06 теңгеге қымбаттап, 477,05 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Алматыда шетел валютасы 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.