1285
Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы елге оралды
Азия ойындарына қатысушылардың алғашқы легі Қазақстанға оралды.
Алматы халықаралық әуежайына Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді.
Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.
«Әзірге спорт сайысының төрт күндік нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.