Шаруаларды несиелендіруге 60 млрд теңге бөлінбек

Биыл көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелендіруге мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге бөлініп отыр, – деп хабарлайды  24.kz арнасы.

Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру мәселесі Қостанайда несиелендіруші корпорация өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте мәлім болды. Аталмыш жиында несие берудің бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама бойынша белгілі болғандай, пайыздық мөлшер 5 пайыздан 3 пайызға төмендеп отыр.

Сондай-ақ, биыл алқаптарды әртараптандыру мақсатында майлы дақылдар мен арпаға, қант қызылшасы, күріш, жүгері, мақта, сұлы, картопқа басымдық беріледі.

Алайда қаржыландырудағы кейбір келеңсіздіктерге диқандар қауымы наразы. Өйткені шаруаның қолын байлайтын қағазбастылық көп. Ұсақ шаруашылықтар несие алайын десе, кепілдік табуы да мұң. Ал мемлекет жәрдеміне алдымен осы шағын шаруашылықтар мұқтаж.

Бұл кедергілер туралы шаруашылық басшысы Марат Ахметов те жасырып қалмады. «Кейбір жерде кішкентай жекеменшіктер ала ала ма, ала алмай ма қазіргі концепциямен? Сонысы ғой қиындығы. Өйткені, біз 15 жылдай банкпен істеп келе жатсақ та, бізге де әлі қиын жағдайлар бар. Бүгін 6% дейді, бірақ ол 6%-ға да жету үшін 3-4 ай уақыт керек қой. Банкке кіру үшін, банктен гарантия алу үшін. Сондай қиындықтар болады. Жеке кішкентай шаруашылықтарға өте қиын болатын шығар деп ойлаймын», –  дейді шаруасын дөңгелетіп отырға,н Марат Ахметов.

Back to top button