2 жасар баланың үстіне кіржуғыш машина құлап кетті

Баланың үстіне қайнаған су толған кіржуғыш машина құлап, денесі күйіп қалды

2 жасар баланың үстіне кіржуғыш машина құлап кетті
bulak.kg
1255

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 2 жасар балаға қайнаған су толған кіржуғыш машина құлап кетіп, денесінің 79 пайызы күйіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 тамыз күні Алтай қаласында болған. Сол уақыттан бері дәрігерлер екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Бүлдіршін үйде ойнап жүріп, қайнаған су толған кіржуғыш машинаны үстіне құлатып алған. Соның салдарынан басын, мойнын, денесін, аяғы мен қолын термиялық күйік шалды. Жалпы, тұла-бойының 79 пайызы күйіп қалған. Ол санитарлық авиациямен шұғыл түрде Өскемен қаласына жеткізілді.

«Ауруханаға жатқызылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін балаға шокқа қарсы және детоксикация терапиясы жасалып, қан мен плазма құйылды. Сондай-ақ хирургтар денесінің зақымдалған жерлерінің шамамен 35% 4 еселік аутодермопластика (тері егу) жасады. Бүгінде баланың жағдайы «тұрақты ауыр деп бағалануда», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары