«Үсік жүреді»: 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

«Үсік жүреді»: 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз
1103

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 24 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сипаты сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік күтіледі, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары