Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенді үздік гол иесіне берілетін әйгілі «Пушкаш» сыйлығына үміткерлер тізіміне енгізді, деп хабарлады turkystan.kz ФИФА-ның Instagram-дағы жеке парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстандық футболшы 2023 жылдың үздік гол иесі атануға мүмкіндігі бар. Ол үшін ФИФА-ның ресми сайтында жүргізілетін дауыс беруге қатысу керек. Жеңімпаз келесі жылдың басында белгілі болады. Асхаттан өзге тағы он футболшы аталған тізімге енген.
Еске сала кетейік, Асхат Тағыберген Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде Дания құрамасына гол соққан болатын.