4 баламмен бес жыл жатақханада тұрдым – Әбілмансұр Серіков

Актер былтыр ғана жалдамалы пәтерге көшкен

4 баламмен бес жыл жатақханада тұрдым – Әбілмансұр Серіков
kp.ru

Отандық актер Әбілмансұр Серіков  2017 жылдан бері жатақханада тұрғанын айтты. 4 баласы бар актер былтыр ғана жалдамалы пәтерге көшкен. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Шүкір, табысым жеткілікті. Әр баланың өз несібесі бар. Мен енді былтырға дейін 12 шаршы метр жатақханада тұрдым. Бірақ соған бәрі сыятын. Қазір 44 шаршы метрге ештеңе сыймайды. Төртінші балам дүниеге келді, уақытша жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына өтіп кеттік.

Ұлымның несібесі. Құдай соның несібесін беріп тұр. Ол болмаса, әлі жатақханада тұра беретін бе едік?! Қимылдаймыз ғой. Бірақ баспана мәселесі өте қиын. Қымбат. Жөндеу жұмыстарын істейін десең, құрылыс заттары қымбат.

Пәтер алайын десең, жақсы жерде орналасқаны қымбат. Қаланың шетінен алайын десең, алыс, сапасы ұнамайды. Сондықтан әр баланың өз несібесі бар. Табыс жеткілікті. Ниетің түзу болса, Алла өзі несібесін беріп отырады. 2017 жылдан бері жатақханада тұрдым. Әйеліммен бір спектакльге түсеміз. Әйелім түсінеді», - деді Әбілмансұр Серіков.