1372
Елімізде күріш импорты 3,5 есе өсті
7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық тазартылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.
«Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады. Күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна)», – делінген хабарламада.
7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем.