Айдан күкірт табылды

Күкірт жақсы тыңайтқыш, сондықтан өсімдік өсуі де мүмкін, – дейді үндістандық ғалымдар.

Айдан күкірт табылды

Үндістан ғалымдары айдан күкірт табылғанын жариялады. 23 тамыз күні топырақты зерттеп, тектоникалық өзгерістерді анықтау үшін Айға ұшырылған Чандраян-3 аппараты осындай деректі анықтап отыр. 

Ғалымдардың айтуынша, күкіртті минералдың ішінде немесе кристалдың бөлігі ретінде емес, Ай бетінің өзінде өлшенгені үлкен жетістік.

Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді. Күкірт жақсы тыңайтқыш, сондықтан өсімдік өсуі де мүмкін, – дейді үндістандық ғалымдар.