12 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі мәлімдеді.

12 өңірде дауылды ескерту жарияланды
фото: ашық дереккөз

Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. 

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп болжанады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Өңірдің таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді. 

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Өңірдің оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Таразда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.