100 келі зілтемірді көтермек болған фитнес-жаттықтырушы көз жұмды

27 жастағы жаттықтырушы 100 келі зілтемірді шалқасынан жатып, екі қолымен көтермек болған.

100 келі зілтемірді көтермек болған фитнес-жаттықтырушы көз жұмды
ФОТО: PIXABAY.COM
787

Қытайдың Хэнань провинциясында 100 келі зілтемірді бағындырамын деген фитнес-жаттықтырушы жаттығу залында жантәсілім етті, деп хабарлады turkystan.kz lenta.ru-ге сілтеме жасап.

27 жастағы жаттықтырушы 100 келі зілтемірді шалқасынан жатып, екі қолымен көтермек болған. Кенет қолы әлсіреп, зілтемір кеудесіне құлап, кейін мойнына сырғып түскен. Жаттығу залында одан басқа ешкім болмағандықтан ол ауыр снарядты өздігінен көтере алмаған. Нәтижесінде оның денесі құрысып, есінен танып қалған. Кейін залға кірген оның әріптестері оны дереу ауруханаға жеткізген, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Серіктес жаңалықтары