Имам Нұрлан Байжігітұлы «Жыл адамы» атанды

Имамға «Жыл адамы» жүлдесі Алматыдағы арнайы іс-шарада табысталды.

Имам Нұрлан Байжігітұлы «Жыл адамы» атанды
Фото: ашық дереккөз

Freedom Star Qazaqstan іс-шарасында елге танымал имам Нұрлан Байжігітұлы «Жыл адамы» атанды, деп хабарлады turkystan.kz

 Имамға «Жыл адамы» жүлдесі Алматыдағы арнайы іс-шарада табысталды.
Freedom Star Qazaqstan – инфлюенсерлерге берілетін жүлде. Бұл жолы іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық блогер қатысқан. Блогерлерге жүлде Business, Travel, Sport, Family, Beauty, Stand Up, Food, Entertainment, Kind Heart, News Maker және басқа да номинациялар бойынша берілді, деп жазды Qaz365.kz
Еске сала кетейік, көпшілікке TikTok  әлеуметтік желісі арқылы танылған имам Нұрлан Байжігітұлы таяуда үйлі болды.