Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды

Директор көлікті мас күйде басқарған.

Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды
фото: ашық дереккөз
1369

Павлодарда мектеп директоры заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында көлікті мас күйде басқарған ауыл орта мектебінің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Іс материалдарына сәйкес, 15 қыркүйек күні мектеп басшысы көлікті мас күйде басқарған. Сот отырысында құқық бұзушы алкогольдік ішімдік ішпегенін айтып, кінәсін мойындамады. Ал сотта жүргізушінің уәждері сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсініктемесімен және бейнежазбамен жоққа шығарылды», - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен ол ҚР ӘКБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Әрі 15 тәулікке әкімшілік қамауға  алу түріндегі жазаға тартылды.

Қаулы заңды әлі күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары