Ішінде 5 жастағы қыз отырған: Әскери ұшақ көлікке құлады (ВИДЕО)

5 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Ата-анасы мен ағасы ауыр халде.

Ішінде 5 жастағы қыз отырған: Әскери ұшақ көлікке құлады (ВИДЕО)
ria.ru

Турин (Италия) қаласының маңында орналасқан әуебазада авиашоуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан әскери ұшақ көлікке соқтығысып, оның ішінде отырған 5 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, техникалық ақау салдарынан құлап бара жатқан ұшақ ішінде 4 отбасы мүшесі отырған көлікті жанап өткен. Нәтижесінде денесін күйік шалған 5 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Оның 9 жастағы ағасы ата-анасымен бірге ауыр халде ауруханаға жеткізілді.