«Барыс» командасы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» алдағы ойынын 18 қыркүйекте елордада Ресейдің «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» командасы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Ашық дереккөз

Қазақстандық «Барыс» командасы құрлықтық хоккей лигасында алтыншы ойынында Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ойынның 5-минутында «Барыс» сапынан Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін «Адмирал» қатарынан Максим Чудинов - 16, Павел Шэн 24-минутта екі шайба соғып кетті.

Ал 26-минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, Джованни Фьоре 40-минутта қайтадан «Адмирал» командасын алға шығарды.

Ойынның 42, 53-минуттарында «Барыс» капитаны Роман Старченок қос шайба соғып, өз командасына жеңіс алып келді.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.