Телеарналардың не себепті істемей қалғаны белгілі болды

OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұр.

Телеарналардың не себепті істемей қалғаны белгілі болды
Ашық дереккөз
2016

"Қазтелерадио" АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі аумақтарынан ұзақ уақыт өту кезінде KazSat-3 байланыс аппараты батареялар блоктарының заряды бітіп қалған.

Салдарынан спутниктік телерадио хабарларын таратып, спутниктік деректерді беретін қолданыстағы сервис уақытша тоқтап қалған.

"Қазіргі уақытта "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы "Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық спутник жүйесі" АҚ-мен бірлесіп, аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген Цифрлық даму министрлігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары