Елімізде пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ үш теміржол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді.

Елімізде пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады
Ашық дереккөз

"Жолаушылар тасымалы" АҚ күз айларында бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне жеңілдік жасайды, деп хабарлады turkystan.kz ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл 18 қыркүйектен 26 қазанға дейін және 6 қарашадан 7 желтоқсанға дейін үш темір жол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді, - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар мына пойыздарға арзан билет сатып ала алады:

№79/80 "Астана – Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;

№81/82 "Астана – Қостанай" - 30%;

№65/66 "Астана – Жезқазған" - 40%.

Билеттерді жеңілдікпен ресми www.bilet.railways.kz сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады.