2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойған

Дәрігерлер операция жасап, ағзасынан инелерді алып шықты.

2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойған
Otyrar.kz
2108

Перуде 2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Дәрігерлер сәбиге бірден операция жасап, ағзасындағы инелерді алып шықты.

«Хабар 24» сайтының мәліметінше, бөбек анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алған.

Дәрігерлер баланың жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен ол бірнеше күн бақылауда болады.

«Қорада ойнап жүріп тауып алып, жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын», – деді бүлдіршіннің анасы Нарли Олортеги Писко.

Серіктес жаңалықтары