Баку портына тасымалданған мұнай көлемі 12 есе өсті

Баку портына тасымалданған мұнай көлемі 12 есе өсті

Баку портына тасымалданған мұнай көлемі 12 есе өсті
ашық дереккөзі

Баку портына тасымалданған мұнай көлемі 12 есе өсті, деп хабарлады turkystan.kz "ҚазТрансОйлға" сілтеме жасап. Компанияның ресми мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа шығару көлемі 2023 жылғы 8 ай ішінде 2 млн 164 мың тоннаға жеткен, бұл – өткен жылғы дәл осы кезеңімен салыстырғанда 759 мың тоннаға немесе 54%-ға артық. Оның ішінде Теңіз кен орнынан – 520 мың тонна, Доңға кен орнынан – 252 мың тонна, 1 млн 385 мың тонна – Бозашы түбегінің кен орындарынан және 7 мың тонна Қашаған кенішінен.

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюы Баку портына жөнелтілетін шикізат көлемінің 69 мың тоннадан 838 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 327 мың тонна мұнай жөнелтілді, – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасаған болатын.