Еуроодақ елдеріне сатылған көмір көлемі 2 есе өсті

Еуроодақ елдеріне сатылған көмір көлемі 2 есе өсті

Еуроодақ елдеріне сатылған көмір көлемі 2 есе өсті
ашық дереккөзі

Елімізден Еуроодақ елдеріне шамамен 3,3 млн тонна көмір экспортталды. Осылайша, былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда импорт көлемі 2 еседен астам артқан, деп хабарлады turkystan.kz Экономикалық зерттеулер институтына (ERI) сілтеме жасап. Биылғы бірінші жартыжылдықта Еуроодақ елдеріне шамамен 3,3 млн тонна көмір экспортталды. Бұл былтырғы жартыжылдықтағы 1,6 млн тоннаға қарағанда 2 есе көп. Соның ішінде, Қазақстан көмірі алғаш рет Эстония, Чехия, Германия, Литва және Нидерландыға жеткізілген. Ал негізгі тұтынушылар Польша (ЕО жеткізілген көмірдің 42%-ы) және Латвия (37%) болып отыр. ЕО елдерінен бөлек, Қазақстан көмір Индонезия (120 мың тонна), Үндістан (77 мың тонна), Марокко (73,5 мың тонна), Оңтүстік Корея (10 мың тонна) және Израиль (3,8 мың тонна) сияқты елдерге де экспорттала бастаған.