Бұдан былай шетел азаматтары Қазақстанда емін-еркін жұмыс істей алады

Бұдан былай шетел азаматтары Қазақстанда емін-еркін жұмыс істей алады

Бұдан былай шетел азаматтары Қазақстанда емін-еркін жұмыс істей алады
ашық дереккөзі
263

Биылдан бастап шетел азаматтары Қазақстанға өз бетінше келіп жұмыс істей алды. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды жұмысқа тартудың жаңа әдісі іске қосылды. Ендігі уақытта жұмыс беруші әрбір шақырылған маман үшін сала мен жұмысшының біліктілік деңгейі бойынша сараланатын көлемде алым төлейді. Шетелдік білікті кадрларға Қазақстанға өз бетінше келіп, экономиканың басым салаларында талап етілетін кәсіптер тізіміне кіретін мамандық бойынша жұмысқа тұра алады», - деді Тамара Дүйсенова.

Ведомство басшысы жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер шетелдік мамандарға рұқсат беруде, сондай-ақ оларға жұмыс пен ұсыну және жалақы белгілеу барысында заңнаманы қатаң сақтауы тиістігін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары