Ғалия ТҮСІПБЕКОВА, аллерголог-иммунолог: Аллергия тұқым қуалайды

Ғалия ТҮСІПБЕКОВА, аллерголог-иммунолог: Аллергия тұқым қуалайды

Ғалия ТҮСІПБЕКОВА, аллерголог-иммунолог: Аллергия тұқым қуалайды
ашық дереккөзі
927
Соңғы 20 жылда аллергиялық аурулар­дың эпидемиясы кең таралуда. Әлем хал­қының 40 пайызы аллергиялық ауру­лар­мен ауырады. Ал Қазақстан халқының 35 пайы­зы аллергиядан зардап шегеді екен. Әсі­ресе, өсімдіктердің гүлдеуінен болатын мау­сым­­дық аллергиядан зардап шегетіндер жиі кез­деседі. Тіпті, халық арасында бұл аллер­гия­ның емі жоқ деген түсінік қалыптасқан. Осы жө­нінде Президент іс басқармасы Аллерголо­гия орталығының жетекшісі, медицина ғы­лым­­дарының кандидаты, жоғары санаттағы ал­лерголог-иммунолог Ғалия Марксқызымен әң­­гімелескен болатынбыз. – Бұрын аллергия туралы өте си­­рек еститінбіз. Бүгінде сәуір айы­нан бастап қара күзге дейін жал­ғасатын маусымдық аллер­гия­ға шағымданушылар саны көп. Аллергияның кең таралуы­ның себептері қандай? – Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы ті­тір­кен­дір­­гіштерге аса сезімталдығы. Алле­р­гия ауаның, күннің, сондай-ақ шаң-то­заң, өсімдіктер, тағамдар, дәрі-дәр­мектер, бояғыш заттардың дене­ге кері әсерінен пайда болады. Әсіре­се, көктем-жаз мезгілдерінде өсім­дік­­­тердің гүлдеуінен, шаң-тозаңнан пай­да болатын аллергиялық аурулар жиі ұшырасады. Маусымдық аллер­гия кезінде көз қызарады, қышиды, кей­де қанталайды, мұрын бітеледі, түш­кіреді, тамақ қышиды. Көпшілігі бұл белгілерді ағзасында паразит болуы мүмкін деп түсініп, емді ке­шік­тіріп алып жатады. Аллергияның ауыр түрлеріне демікпені, есекжемді жат­қызамыз. Аллергияның көбеюіне эколо­гия­ның нашарлауы тікелей әсер етіп отыр. Сәбилер перзентханадан шық­пай жатып аллергик болып жатыр. Аллер­гия – тұқым қуалайтын ауру еке­нін де айта кетуіміз керек. Мә­се­лен, нәрестенің ата-әжесінде, ата-ана­сында аллергия жоқ, бірақ балада ал­лергияның гендік маркерлары пай­да болады. Яғни, аллергия осы ба­ла­дан ары қарай тұқым қуалай бас­тайды. Аллергия қарапайым тіл­мен түсіндірсек, генетикалық өзге­ріс­тердің арқасында иммунитет жұ­­­­мысының бұзылуы. Кейбір им­мун­­дық жасушалардың жетіспеуші­лігі­нен иммундық жүйеде агрессия пайда болады. Осылайша, аллергия иммундық жүйенің агрессиялы түрде жұмыс істеуі деп тұжырым жасауымызға болады. – Аллергияны ұзақ уақыт ем­дей­ді және оған қомақты қара­жат керек дегенді жиі естиміз. Шы­нында да солай ма? – Маусымдық аллергияны бұ­рын қыс кезінде емдейтін болса, қа­­­­зір жаңа инновациялық дәрілер­дің арқасында жыл мезгіліне қара­май емделуші келген сәттен емдеуді бас­тай береміз. Ол үшін адам ағза­сы­на аллергенді аз мөлшерден енгі­зіп үйретеміз. Аллергияны толық ем­деу үшін 3-5 жыл аралығында уа­қыт керек. Егер жақсы нәтижеге қол жеткізсек, емді 3-4 жылда аяқ­тау­ға болады. Біз Германия, Испания, Че­хия, Қазақстан препараттарын қол­данамыз. Олардың бағасы да әр­түрлі. Мәселен, Германияда өн­ді­іл­ген дәрінің бағасы 205 мың теңге тұ­рады. Бұл 4 айға жететін пре­па­рат­ты емделушіге 7 рет саламыз. Жыл бойы емделгісі келетіндерге бө­лек нұсқаулық бойынша ем-шара та­ғайындаймыз. Әр науқастың жағ­дайын жіті бақылаймыз, біз жасаған ем­нің нәтижелі болуына күш сала­мыз. Соңғы уақытта емделушілер са­ны артып отыр. Оған себеп адам­дардың аллергияның тек медицина­лық жолмен емделетінін түсінгені деп ойлаймын. – Көп адам маусымдық ал­лер­­­­гияны суық тиюмен шатас­ты­рып, дұрыс емделмей созып алатын сияқты... – Иә, маусымдық аллергияның бел­гілері суық тию белгілеріне ұқ­сай­ды. Науқастың мұрнынан су ағу, түш­кіру, жөтел секілді жағымсыз бе­л­гілер 7-10 күн сақталса, аллер­го­лог­қа бару керек. Аллергияның суық тию­ден ерекшелігі – түшкірмес бұ­рын мұрынның қышуы, мұрыннан мөл­дір шырыштың көп бөлінуі. Мұн­дай белгілер ЖРВИ-дың алғаш­қы күндерінде де болады. Бірақ рес­пираторлық инфекция кезінде бір­неше күннен кейін мұрыннан аққан шырышты сұйықтық қоюла­нып, жасыл немесе сары түсті бола­ды. Ал аллергия кезінде мұндай бол­­­­майды, сұйықтық мөлдір күйінде қала береді. Сондай-ақ ЖРВИ ке­зін­де адам өзін әлсіз сезінеді, денесі ауы­рады, сүйегі қақсайды, дене қы­зуы кө­терілуі мүмкін. Ал аллергия ке­зінде адамның жалпы жағдайы на­шар­ламайды. Негізі, тәжірибелі те­рапевт қан талдамасы арқылы адам­да аллер­гия бар-жоқ екенін бі­леді. – Аллергиктер өз бетінше әр­түрлі ем қолданады. Тіпті, бір-бірі­нен естіп дипроспан салып жа­­­­тады. Бұл қаншалықты дұ­рыс? – Біреу айтты екен деп дип­рос­пан салдыруға болмайды. Дәріха­на­ларда рецептсіз берілетін дипроспан қол­жетімді, кез келген адам өзіне сал­­дыра алады. Алайда оның сал­да­ры иммунитетті төмендетіп, он­ко­ло­гиялық ауруларға алып келуі және асқынулар тудыруы мүмкін. Оның сал­дары жүрек ауруларына, онколо­гия­лық аурулар мен түрлі асқыну­лар­ға алып келеді. Иә, дипроспан қатты аллергия мен демікпеде көмектеседі. Бірақ мен 30 жылдан бері осы салада жұ­мыс істесем де дипроспанды өм­і­рім­де 1 рет қана салдым. Онда да ем­делу­­шінің өзінің және ата-анасының қалауымен жасадым. Содан кейін дипроспанды қолданған емеспін. Өйт­кені оның зияны өте көп. Қант диа­бетін қоздырады, қан қысымын кө­тереді, ағзадан калий, кальций се­кілді минералдарды шығарып тас­тайды. Егер адамның жүрек қағысы дұрыс болмаса, калий жетіспесе, оған қоса дипроспан қабылдаса, соңы өкінішті жағдайға ұласуы мүм­кін. Ал оны дипроспаннан болды деп ешкім ойламайды. Қатерлі сал­да­ры көп болғандықтан оны қол­дануға кеңес бермеймін. Оның ор­ны­на ағзадан 2-3 күнде шығып ке­те­­тін басқа дәрілерді қолдану керек. Көзге, мұрынға тамызатын гормон­ды дәрілер қанға сіңбейді, сондық­тан ағзаның жұмысына да кері әсер етпейді. Аллергияны өз бетіңізше дәріха­на­дан сатып алған дәрімен емдей ал­­­майсыз. Дәріханаларда көбінесе өт­пей жатқан дәрілерді ұсынады. Мә­селен, біз өз тәжірибемізде суп­рас­тин мен тавегилдың тек жедел түр­де көмектесетін ампулалық түр­ле­рін ғана қолданамыз. Бұлардың бәрі бірінші буындағы дәрілер, ал біз ал­лергияны емдеу үшін адам ағза­сы­на зиян келтірмейтін екінші буын­да­ғы дәрілерді қолданамыз. – Аллергиядан түбегейлі айы­ғу­ға бола ма? – Аллергияны 3-5 жыл аралы­ғын­да емдеп шығуға болатынын жо­­­ғарыда айтып өттім. Алайда адам қат­ты стреске ұшыраса, тұмауратып ауыр­са, қайтадан шығуы мүмкін. Біз­дің емдеп, ұмытып кеткен ауру­ла­рымыз коронавирустан кейін қай­та шықты. Вирус адамзат ба­ла­сына пандемия емес, психологиялық стресс алып келді. Адамдардың бір то­бы ауырғаны үшін уайымдады, ен­ді бір тобы ауырып қалмау үшін жан­таласты. Солай иммундық жүйе­міз­дің кілтін барлық ауруға «ашып бер­дік». Ал негізі ауырмаймын деген адам­дар коронавирус жұқтырмады. Біздің орталық науқастарды қан­дай аллергия болмасын жеңіл түрг­е ауыстырып немесе құлан-таза айы­ғып кетуіне көмектеседі. Ең басты мәселе – уақытында маман­дар­ға келіп кеңес алу. – Түсінгенім, кез келген адам ал­­­лергик болуы мүмкін, бұдан еш­кім сақтандырылмаған. Десе де, алдын алуға бола ма? – Соңғы жылдары маусымдық ал­лергия балалар арасында да кең та­рала бастады. Оған біздің ауа райы да әсер етеді. Қазақстанның ауа райы құрғақ, дала шөптері көп, жиі жел тұрады. Шаң-тозаң желмен әже­п­әуір жерге таралады. Сондықтан ба­лаларды жастайынан спортқа бау­лып, дұрыс тамақтандырып, та­за­лыққа үйрету керек. Спорт им­му­ни­теттің дұрыс жұмыс істеуіне жақ­­сы әсер етеді. Спортпен шұғыл­да­­­­­натындардың арасында аллергик­тер жоқ деп айта алмаймын. Олар­дың арасында да аллергиктер де бар. Өйткені спортшыларда стресс, уайым көп. Сондықтан балаларды жас­тайынан стреске, төзімділікке үй­реткен дұрыс. Ал маусымдық аллергияның ал­дын алу үшін дәрігерге уақытылы бару керек. Адам өзінде аллергия бар еке­нін білмесе, терапевтке немесе пе­диатрға қаралып, диагноз рас­тал­са, аллерголог-иммунологқа жүгіну керек. Стреске көп түсетін, жүйкесі тоз­ған адамдар қышыну, экземаға жиі тап болады. Сондықтан бол­ма­шы нәр­­­сені уайымдап, ұсақ-түйекке күй­­гелектенбеген дұрыс. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Арайлым Бимендиева

Серіктес жаңалықтары