«Ажырасқан әйелдерді жек көремін»: журналистің сөзі желіде қызу талқыға түсті

«Ажырасқан әйелдерді жек көремін»: журналистің сөзі желіде қызу талқыға түсті

«Ажырасқан әйелдерді жек көремін»: журналистің сөзі желіде қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
51154
Журналист Меруерт Әйтенованың отандық бағдарламаның бірінде айтқан сөзі қызу талқыға түсті, деп жазды turkystan.kz. Ол бағдарлама барысында ажырасқан әйелдерді жек көретінін, олардың қасында отырғысы келмейтінін айтты.
«Бақытсыз әйелсің, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың қазір әлемге жылап. ... Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете берсек… Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғамның сорысыңдар. Біз жек көреміз. Мен, мысалы, жеке өзім, ажырасқан әйелдерді жек көрем. Олардың жанында отырғым келмейді. Мен сияқты отбасын сақтап, көніп отырған миллиондаған әйел бар. Солар ажырасқан әйелмен бір дастарқан басында отырғысы келмейді», - дейді ол.
Желі қолданушылары журналистің бұл сөзін қызу талқылады. «Не молчи» қорының басшысы Дина Тәңсәрі журналист Меруерт Әйтенованың видеосына пікір білдіріп, осы сөзі үшін сотқа беруге ұсыныс білдірді.  

Серіктес жаңалықтары