БҚО-да 240 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды – «Жер аманаты»

БҚО-да 240 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды – «Жер аманаты»

БҚО-да 240 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды – «Жер аманаты»
ашық дереккөзі
50486
 Өңірлерде «AMANAT» филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасып жатыр. Бүгін партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХХІІІ конференциясы өтті. Іс-шараға аймақтағы Саяси кеңестің мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Партиялықтар кейінгі екі жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сондай-ақ, Саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды.  width= Делегаттар партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын бекітті. Осылайша, 12 аудандық филиалдардағы Саяси кеңестердің құрамына 108 адам кірді. Биыл аталған кеңестердің құрамы 50,3%-ға жаңарды. Оның 25,34%-ы – жастар, 36,65%-ы – әйелдер. Өз кезегінде, «AMANAT»-тың Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев облыстық партия ұйымының трансформациялау бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде айтып, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Атап өтетін болсақ, екі жылда «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ұлттық мұра» жобалары аясында 12 мыңнан астам адамды қамти отырып, 700-ден астам іс-шара өткізілді. Ал «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы аясында жыл сайын партия мүшелерінің ықпалымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы 2000-ға жуық бала мектеп құралдарымен, арнайы мектеп формасымен және спорттық киімдермен қамтылып отырады.  width= «Жалпы «Жер аманаты» жобасы бойынша 2022 жылы аймақтық комиссиясының ықпалымен 168 мың га жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық және аудандық комиссия жұмысының нәтижесінде мемлекет меншігіне 74 мың гектар жер қайтарылып отыр. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өңірімізде мамыр айынан бастап оқыту бастау алды, жоспарланған 8857 адамның 3327-сі оқуды аяқтап, сертификаттарын алды. Жоба жыл соңына дейін жалғасатын болады. Сонымен қатар, шағын несие беру арқылы ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 7 262,8 млн теңге сомасына 1100 өтінім қабылданды. Соның ішінде, 3236,5 млн теңгеге 491 жоба мақұлданып, 1945,5 млн теңгеге 269 несие берілді. 609 өтінім қаралуда.
"Бәрімізге белгілі, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі, бұл – халыққа түрлі мәселелерді шешуге және олардың мүдделерін қорғауға көмектесетін алаң. Сол себепті біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, азаматтардың қабылдауларын түбегейлі қайта жаңарттық.  Шалғайдағы елді мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу тәжірибесін енгізіп, 24 мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, 244 азаматтың мәселелері қаралып, ауыл тұрғындарының өтініштерін аудан орталықтарына бармай, тікелей жеткізуіне мүмкіндік туды. Жыл сайын партияның қоғамдық қабылдауларына 4 мыңнам астам өтініш келіп түсті, оның 45%-ы оң шешілді. Бұл  жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Атаулы көрсеткіш – тек сан емес, халықтың бізге деген сенімі деп білемін" – деді ол.
Ал Батыс Қазақстан облысының мәслихатындағы «AMANAT» депутаттарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде партияның депутаттық фракциясының жетекшісі Софья Ізмұханбетова баяндады. Халық қалаулылары азаматтарды қабылдап, партиядағы қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысады және «AMANAT»-тың өңірлік сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалайды. «Жол картада қарастырылған 122 көрсеткішпен іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әр фракция мүшесі жауапты тармақтарының жүзеге асырылуын қадағалап, жергілікті органдардан талап етіп, қажет болған жағдайда бірлесіп орындауға атсалысуда. Мәслихат депутаттары және «AMANAT» партиясы фракция мүшелері ретінде облыстағы өзекті мәселелерді тиісті министрліктердің алдына бірнеше рет қойып келеміз. Облысымыздың оңтүстік өңіріндегі киік мәселесі, биылғы шабындықтың жайы, жанар-жағар майдың бағасы туралы бірнеше рет хат та жазылды. Астанада өткен форум аясында да министрлерге тікелей сұрақтар қойылды. Облыстық мәслихат депутаттары болып, Орал қаласынан ішкі және халықаралық авиарейстерді жүзеге асыру, рейстердің санын арттыру және авиабилет бағасын төмендету мәселелерін көтердік, көріп отырғандарыңыздай, 2023 жылдың 1 тамызынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар Орал қаласына орындалатын рейстер санын ұлғайтты. Жалпы, сайлауалды бағдарламаның орындалуын, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының арасындағы байланысты күшейтіп, сайлау кезіндегі кездесулерде халық тарапынан түскен аманаттарды фракция мүшелерімен орындалуын қадағалауды одан әрі қарай жалғастыратын боламыз. Орындалмай жатқан шаралар бойынша депутаттық сауалдар жолдап, ҚР Үкіметі алдында мәселе көтеретін боламыз. Осы бағытта атқарған жұмыстарымыз туралы әр фракция мүшесі саяси кеңес бюросының отырыстарында есеп беретін болады, - деді фракция жетекшісі. Жалпы, 2021-2022 жылдар аралығында өңірде  1,5 мың оқушыға арналған 5 мектеп және 1 мектепке  қосымша ғимарат салынды, 54 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді, 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, 2 мәдениет нысаны және 10 спорттық нысандар ашылды. 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 394 шақырым жол қайта жаңартылып және жөнделді. 16 ауылда сумен жабдықтау 15 нысаны іске қосылды. 2023 жылдың басынан облыс бойынша 11724 жұмыс орны құрылды, 185,4 км автожолдар жаңадан салынып және күрделі жөндеуден өтті. 42 ауылдық елді-мекенде сумен жабдықтау нысанының, 1710 орындық 14 мектеп құрылысы жүргізілуде, 16 денсаулық сақтау нысандарын және 3 мәдениет нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, облысымыздың ең үлкен проблемаларының бірі - киік мәселесі 2023 жылдың 15 қыркүйегінен шешімін табады деп күтілуде. Қ.К.Тоқаев ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуден тыс қалмауға шақырған болатын. Осы орайда, партиялас депутаттарымыз өз жерлестерінен қолдарынан келгенінше көмектесуде (палиативті орталық, медициналық орталық салу, табиғат апатынан зардап шеккен ауылдарға қаражат бөлу, т.с.с.) Осы күні «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Тасқала ауданына барып, партия активімен және жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында 2 сағат көлемінде ауданға қатысы бар ауылдық жерлердегі өткір мәселелер, әкімдердің рөлі, мәртебесі, қызметтеріндегі кедергілер, әлеуметтік мәселе секілді ауқымды тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған "Ауыл аманаты" және "Қарызсыз қоғам" партиялық жобалары туралы атап өтті. Айта кету керек, елімізде кемінде 1,5 млн адамның тұтынушылық несиелер бойынша төлемдері 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген. "Қарызсыз қоғам" партиялық жобасы еліміздің 8 өңірінде мұқтаж жандарға қаржылық және құқықтық сауаттылық негіздерін білуге мүмкіндік беретін оқыту ұйымдастырылуда. Бұл жылына кемінде  80 мың адам.
  • «AMANAT» партиясы азаматтардың мәселелерін шешуді және олардың қатысуымен жоспар құруды ұсынады. Бұл -  «Ауыл аманаты» бағдарламасының ерекшелігі. Біз аумақтарды емес, адамдарды дамытуды ұсынамыз. Шағын бизнесте жұмыс істейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қалған 4 млн адам болашақта лайықты зейнетақыға сене алмайды. Бұл санның 90 пайызы - ауыл тұрғындары. Неліктен адамдар әлеуметтік аударымдар жасамайды? Жауабы қарапайым: олардың табысы төмен, ал табыстың төмендігі бұл, жұмыс — дағдыларын арттыру қажеттілігінің алғашқы белгісі. Сондықтан бағдарламаның негізгі элементі ретінде ауыл тұрғындарына қажетті дағдыларды тегін оқытуды көреміз. Ол үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жобалық кеңсе құрылып, жұмыс істеуде, - деп партиялық жобаларға тоқталып өтті партия хатшысы.
Сондай-ақ, партия жанындағы кеңестер мен комитеттердің жұмысын жүйелеу, өңірлердегі фракция жұмысын жандандыру және партияның бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
  • «AMANAT» партиясының басты мақсаты - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, әділетті қоғам құруға күш салып, азаматтардың құқығын қорғау. Халық бізден нақты нәтиже, сапалы көрсеткіш күтіп отыр. Партияның ішкі құрылымы да, стратегиясы да, имиджі де уақыт талабына сай болуы шарт. Партиямыздың негізі саналатын бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру қажеттігін атап өтіп, жыл соңына дейін бастауыш партия ұйымдарын және олардың тиімділігін арттыруды – басты басымдық ретінде қарастырылуы керек. Барша партия мүшелерін одан әрі бірлесе жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуына лайықты үлес қосуға шақырамын! - деп жиынды қорытындылады партия хатшысы.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында 213 бастауыш ұйымынан Біріккен 26 мыңнан астам партия мүшелері бар.

Серіктес жаңалықтары