50864
Атырауда он күн бойы ыстық су болмайды
Атырауда он күн бойы ыстық су болмайды

Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су болмайды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ осы жылдың 4-15 қыркүйегі аралығында күрделі жөндеу кестесіне сәйкес магистральдық жылу желілерін толық тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатқанын қала тұрғындарына хабарлады. Осыған байланысты қаланың барлық жылу пункттерінен ыстық су беру тоқтатылады» деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.