Бұршақ жауады: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұршақ жауады: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұршақ жауады: ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50939
Қазгидромет 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі бар. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.    

Серіктес жаңалықтары